Қызылорда бөлімшесі бойынша №319-ЦЗ жадынамасына сүйене отырып, Қызылорда станциясының тасымалдау құжаттарын өңдеу операторы Тоқсанбаева Роза мен АБЖ бөлімінің инженер-технологі Сыздықова Гүлнардың басшылығымен станса жұмысшыларымен техникалық сабақ жүргізіліп және экспиремент жүргізілді. Эксперимент кезінде арнайы видео түсіріліп жұмыс WhatsApp тобына жіберілді. Жұмысшылар эксперимент кезінде жадынамаға сәйкес қажетті әрекеттерді орындады:
· АСУ Станция-Узел автоматтандырылған басқару жүйесіндегі станция жұмысшылары «Орындау» түймелері арқылы операциялық ақпаратты қолмен енгізді.
· Құралған пойыз Қызылорда стансасынан Сексеуіл станциясына жөнелтілді. Сексеуіл стансасында пойыз шашылып, кейін қайта жасақталып, Қызылорда стансасына қайта жөнелтілді. Қазалы, Жосалы, Арал стансаларында вагондар тіркеліп, ағытылды.
Нәтижесінде эксперимент сәтті аяқталып, жұмысшылар тәжірбиеден өтті.
Бұл техникалық сабақтың және эксперименттің басты міндеті, жұмысшылар тәжірбиеден өтіп, ақпараттық жүйе қолжетімсіз болғанда қандай әрекет жасауын білетін болады. Ақаудың болуына қарамастан станса қызметкерлері машинистерге поездың 24-ші анықтамасын, натурлық парағын АБЖ СТ «Узел» жүйесінен құрастырып алып, ұсына алады. Бұл поездардың уақтында жүріп, тоқтап қалмауына септігін тигізеді.
«Біз қандай да бір техникалық сабақтар, оқытулар немесе пилоттық жобалар кезінде болсын арнайы видео түсіріп жұмыс WhatsApp тобын құрып, сонда жібереміз. Видеоның бір ерекшелегі жұмысшылар ешкімнен қалай жұмыс жасауын сұрамайды және оны қайта қосып көре алады»-дейді АБЖ бөлімінің жетекші инженері Гүлнар Сыздықова.