Теміржол саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы (Rating: 0)

Print RSS
image
image
image
Теміржол саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды

Бүгін «Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына қарасты Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі филиалында партияның облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық кеңестің көшпелі отырысы өтті. Онда компанияға қарасты өңірлік мекемелердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар сараланды.

«Қазақстан темір жолы» еліміздегі жолаушы және жүк тасымалындағы негізгі мекемелердің бірі. Бұл салада халықпен күнделікті және үздіксіз, тығыз қарым – қатынас жасалып отырғандықтан ашықтық, жариялылық және заңдылық қағидалары кеңінен сақталып, халыққа көрсетілетін қызмет мінсіз болуы қажет. Сондықтан бұл қызмет те партияның ерекше назарында»,- деді жиынды ашқан кеңес төрағасы Мақсұт Нәлібаев.

Салада жемқорлық пен сыбайластық фактілерін болдырмау бағытында жасалып жатқан жұмыстар төңірегінде «ҚТЖ жүк тасымалдары» ЖШС «ГП Қызылорда бөлімшесі» филиалының директоры Батырхан Базарбаев хабарлама жасады.

«Қазіргі таңда кейбір өңірлерде теміржол қызметкерлерінің арасында жемқорлық құбылыстарының фактілері орын алуда. Осындай олқылықтар болмас үшін біз өз тарапымыздан теміржолшылар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жолын кесу, кез - келген көрінісіне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында түрлі шараларды ұйымдастырып отырмыз. Тоқталып өтер болсақ, филиалда және оның желілік құрылымдық бөлімшелерінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күні» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы минута» бұйрығы шығарылды. Филиал басшылары тарапынан ай сайын тораптық жиналыстарда теміржол қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу тақырыптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Кадрларды жұмысқа қабылдау мен жүкті рәсімдеумен айналысатын қызметкерлердің жұмысына бақылау күшейтілді. Қазіргі таңда жүк алушылармен жүк жөнелтушілермен тікелей қарым - қатынасты азайту мақсатында қызметтерді жүзеге асыру барысындағы барлық төлемдер қолма –қол емес, орталықтандырылған есеп - шот арқылы жүргізіледі.

Кеңес отырысына арнайы қатысқан партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова жолаушылардың қауіпсіздігі мен олар үшін қолайлы жағдайдың жасалуы басты назарда болуы қажеттігін жеткізді.
«Өздеріңізге белгілі жолаушы тасымалындағы негізгі үлес – осы теміржолда. Соның ішінде жүк тасымалы бойынша теміржол негізгі жеткізушінің бірі. Бұл үлкен сала болғандықтан қоғамда теміржол саласы қызметіне қатысты түрлі проблемалар бар. Әсіресе жазғы демалыс кезінде халықтың негізгі қатынас құралы болатын теміржолда билет тапшылығы көп кездеседі. Мұның барлығы азаматтарды қолайсыз жағдайда қалдырып, ренішін туғызып жатады. Вокзал аумағындағы кәсіпкерлер тарапынан да сұрақтар болып тұрады. Алдағы уақытта мұндай мәселелердің алдын алу мен болдырмаудың тиімді тәсілдерін жұмыс барысында енгізу керек»,- деді Ләйлә Төрешова.
Жиын барысында көтерілген ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, жергілікті атқарушы органдардың, республикалық Кеңестің, басқа да тиісті мекемелердің назарына ұсынылатын болады.

Атап өту керек, өңірдегі теміржолшылардың басым көпшілігі «AMANAT» партияcының мүшелері. Мұнда 17 партиялық топтартың басын біріктіріп отырған «Қызылорда теміржолы» және «Магистральды желі» бастауыш ұйымдары қызмет жасайды.

Жүк алушылар және жүк жөнелтушілермен вагонға өтініш беру, жүкті кабылдау бойынша жұмыстар стансаға келмей интернет желісі арқылы жасалуда», - деді Батырхан Базарбаев.

Жиында сондай-ақ, «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиалының директоры Ербол Сәулебеков сөз алып, осы бағытта бөлімшелерде атқарылып жатқан жұмыстарды сөз етті.

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының өңірлік филиалы. Бөлімшенің шекарасы Түркістан стансасынан Сексеуіл стансасы арқылы Қоскөл стансасына дейінгі жалпы ұзындығы 1052 шақырымды қамтиды. Бөлімше құрамына 3 жол дистанциясы, 2 белгі беру және байланыс дистанциясы, 2 электрмен жабдықтау дистанциясы, 3 қалпына келтіру поезы, 4 өрт сөндіру поезы, 10 вокзал кіреді.

«Қазіргі таңда филиалда штат бойынша 2608 қызметкер жұмыс атқарады. Филиал магистральдық теміржол желісін күтіп ұстау және жетілдіру, магистральдық теміржол желісіне қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді. Бөлімше қызметкерлерімен тауарларды сатып алу кезінде сыбайлас жемқорлық фактілері орын алмас үшін, келісім шарттар, қаржылық құжаттар толықтай электронды жүйеде жүргізіледі. Барлық келісімшарттарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөлім енгізілген»,- дейді филиал директоры Ербол Сәулебеков.

Кеңес төрағасы Мақсұт Нәлібаев: халыққа тікелей қызмет көрсетіп отырған вокзал жұмысында заң талаптары қатаң сақталуы қажеттігін атап өтті.
Added:
Rating: 0
Views: 33
Comments (0) »